ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНДЫРЫЛДЫ
Қызылорда облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Қалижан Қобландин бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
Брифинг барысында Қалижан Жеңісбекұлы ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарының есебін баяндады.
Атқарылған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 9 айда орын алған жол көлік оқиғалары мен одан жарақат алғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біршама төмендеген.
«Азаматтардың құқықтық сана-сезіміне селкеу түсіретін және қоғамдық тәртіптің бұзылуына тікелей әсер ететін әкімшілік кодекстің баптары белгіленген. Осы орайда есепті мерзімде 22 мыңға жуық құқық бұзушылықтар анықталды. Жол апаттылығының алдын алу бағытында жолда жүру ережелерін бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жандандырылды», - дейді Қалижан Қобландин.
Фариза ОМАРОВА