«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ҮЗДІК 30 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНДА
Электрондық үкіметті дамыту жөніндегі БҰҰ рейтингісінде Қазақстан 193 мемлекеттің ішінде 28-орында тұр. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Global e-Government Forum-2014» атты электрондық үкімет жөніндегі жаһандық Форум барысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бүгінгі таңда Қазақстан электрондық үкіметті дамыту арқылы бизнес пен Үкімет арасындағы байланысты жақсартуда. Электронды мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартудамыз. Электрондық үкіметті дамыту жөніндегі БҰҰ рейтингісінде Қазақстан 193 елді ішінде 28-орында тұр. Яғни, үздік елу елдің қатарындамыз», - деді Кәрім Мәсімов.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сүйенсек, 2001 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы «Электрондық үкіметтің салыстырмалы талдауы: БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді бағалау» жобасының аясында жаһандық электрондық үкіметтің дамуын бағалай бастаған. Бұл рейтинг бойынша Оңтүстік Корея көш бастап тұр. Қазақстан болса, Литва, Швейцария, Латвия, БАӘ, Малайзия елдерін артқа қалдырып, 28-орынға тұрақтаған.