ЖОСПАР ОРЫНДАЛДЫ
Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының лауазымын атқарушы М.Сүлеев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте 2016 жылдың 9 айында атқарған жұмыстар барысын баяндады.
2016 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны барысында межелеген жоспар 100%-ға орындалып, 743 сарбаз әскер қатарына аттанған. 2016 жылы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары қазан айының 5 мен желтоқсан айының 27-сі аралығында өткізіледі.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, әскерге барар алдында 3 күн бойы сарбаздармен дайындық жұмыстары алдын-ала өткізіледі. Әскери-патриоттық тақырыпта деректі фильмдер көрсетіліп, дәрістер оқылады. Олардың тазалығы әскери киімдері мен 3 мезгіл тамағы уақтылы қадағаланып, әскерге шығарып салу мерекелік шарасы қаламыздағы тарихи орындар – батырлардың ескерткіштерінде өткізу дәстүрге айналған.