БАЙҚАУ
«Сыр медиа» ЖШС ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оқушылар мен студенттер арасында «Туған өлке келбеті» тақырыбында шығармашылық байқау жариялайды.
ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ереже
Тәуелсіздік күніне арналған оқушылар мен студенттер арасындағы бұл байқауды (бұдан әрі – Байқау) «Сыр медиа» ЖШС өткізеді.
ІІ. Байқаудың мақсаты
Мемлекеттің ең ұлық мерекесінің мәнін, ел тәуелсіздігіне ширек ғасыр толған айтулы датаны мектеп оқушылары мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері арасында кеңінен насихаттау, ынталандыру;
Жас өскін бойында қазақстандық патриотизмді және отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, шығармашыл тұлғаны дамыту.
Ел тәуелсізідігін жариялаған 25 жылда көркейіп, гүлденген туған ауыл, туған аудан, туған қала келбетінің бүгінгі тыныс-тіршілігін, ондағы елмен бірге еңсе тіктеген тұрғындардың шат-шадыман тұрмысын, боямасыз болмысын бейнелеу, көркем мазмұнда жеткізу;
ІІІ. Байқаудың міндеттері
Байқаудың жеңімпаздарын анықтау конкурстық комиссияның (қазылар алқасы) шешімімен жүзеге асырылады;
Қазылар алқасының құрамына БАҚ өкілдері кіреді;
Осы ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ұсынылады.
IV. Қатысу шарттары
Байқауға қатысуға облыстың орта мектептері мен лицейлерінің оқушылары және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының, колледждердің, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады.
Байқауға қатысатын материалдар биылғы қазан айының 17-сінен бастап 1 желтоқсан аралығында қабылданады.
Бір автордан бір ғана шығармашылық жұмыс қабылданады. Мақала А4 форматында Times New Roman (14) қарпімен терілген, 3 беттен аспауы қажет. Шығармашылық жұмыспен қоса авторы туралы қысқаша мәлімет «Байқауға» деген белгімен aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru электронды поштасы арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады немесе «Сыр Медиа» ЖШС, «Ақмешіт жастары» газетінің редакциясы (Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, 4 үй, Т.Жүргенов атындағы Шығармашылық үйі) 3-қабат, 312, 313, 314, 315 кабинеттерге жолдауға болады. Қосымша сұрақтар үшін тел.: 8(7242) 40-06-71. Байқау нәтижесі бойынша үздік деп танылған туындылар «Сыр медиа» порталына қарасты барлық сайттарға жарияланады.
Жеңімпаздар саны – төртеу. Бас жүлде І, ІІ, ІІІ орын және қосымша ынталандыру сыйлығы тағайындалады.
V.Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері
Конкурстың материалдарын бағалау кезінде төмендегі өлшемдер назарға алынады:
– автордың ұстанымы;
– жазу стилінің көркемдігі;
– мақаладағы дерек пен дәйектің шынайлығы;
– оқырманға эмоционалды әсері;
Конкурстың материалдарын бағалау кезінде төмендегі өлшемдер назарға алынады:
– автордың ұстанымы;
– жазу стилінің көркемдігі;
– мақаладағы дерек пен дәйектің шынайлығы;
– оқырманға эмоционалды әсері;
VI. Ұйымдастыру комитеті
Ұйымдастыру комитеті байқауды ұйымдастырушылар және қазылар алқасынан тұрады. Байқауды дайындау мен өткізу жөніндегі жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді, сонымен қатар оның орындалуын қадағалайды.
Байқау туралы ережені және конкурстың қазылар алқасы құрамын бекітеді.
Ұйымдастыру комитеті
Ұйымдастыру комитеті байқауды ұйымдастырушылар және қазылар алқасынан тұрады. Байқауды дайындау мен өткізу жөніндегі жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді, сонымен қатар оның орындалуын қадағалайды.
Байқау туралы ережені және конкурстың қазылар алқасы құрамын бекітеді.
Ұйымдастыру комитеті