ҮЗДІК СТАРТАПЕР «ЭКСПО» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ
Елімізде 5 ай бұрын New Energy Global Startup Fest халықаралық стартап жобалар конкурсы басталды. Оның үздік 30 стартапері «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы ОКҚ брифингі барысында байқаудың ұйымдастыру комитетінің басшысы Анна Дегтерева мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«27 қазан күні Қазақстанда халықаралық деңгейдегі New Energy Global Startup Fest шарасы өтеді. Онда біз әлемнің 100 үздік жобасын көру мүмкіндігіне ие боламыз. Халықаралық инвесторлар мен қазылар солардың арасынан үздік 30 команданы іріктейді, жобалардың бір бөлігі инвестицияланады. Себебі, конкурсқа жергілікті инвесторлармен қатар, Еуропа, АҚШ, Үндістан мен Қытайдан инвесторлар келеді. Олар 50-100 мың долларға дейін инвестиция құюы мүмкін. Сондай-ақ, бізде осы командаларға арнайы сый-сыяпаттар қарастырылған», - дейді А.Дегтерева.
Ұйымдастырушының айтуынша, бұл шараға дайындыққа 5 ай уақыт кеткен. Конкурстың мақсаты – әлем бойынша жасыл және баламалы энергетика саласындағы ең озат, бірегей технологияларды, іріктеп, анықтау. Сондай-ақ, үздік атанған командаларды Астанаға әкелу.
Брифингте сөз алған «Мұнай және газ» ақпараттық талдау орталығы» АҚ Бас директорының м.а. Асқар Мұнара 27 қазан күні анықталған үздік отыздық «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақырылады деді.
«Конкурсқа әлемнің 51 мемлекетінен 800-ден астам команда өз жобаларын ұсынды. Олардан 200, одан кейін 100 жоба іріктеліп алынды. Енді Қазақстанға келетін жүздіктен 30, кейіннен 3 жоба анықталады. Үздік 30 команданы біз ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырамыз. Бірақ, командалар көрмеге қандай келісімшартпен қатысатыны әлі шешілген жоқ», - деді А.Мұнара.
Оның айтуынша, конкурсқа Қазақстаннан 4 команда қатысады. Отандық жобалардың көпшілігі күн энергетикасымен байланысты.