60 АДАМҒА ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖАСАЛҒАН
Елімізде трансплантация қызметін көрсетуге толық мүмкіндік бар. Алайда бұндай операциялар науқастар үшін әлі де қолжетімсіз болып тұр. Оған донор тапшылығы - басты себеп. Бұл туралы Қызылорда қаласында өткен қайтыс болғаннан кейінгі донорлық мәселесіне арналған семинарда айтылды, деп хабарлайды 24.kz.
Бүгінде елімізде 3246 адам осындай мүмкіндікке зәру, олардың 51-і – Арал маңының тұрғыны. Соңғы 10 жыл ішінде өңірде 60 адамға ғана трансплантация жасалыпты. Тек 3 жағдайда ғана дәрігерлер операция кезінде қайтыс болған адамның дене мүшелерін қолданған.
Жомарт Бапаев, Трансплантация жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы директорының орынбасары: - Егер кісі өлімі тіркеліп, оның миы өз жұмысын тоқтатқан кезде туысқандары донорлыққа қарсы болмаса, медициналық ұйым қажетті мүшені донорлыққа алуына құқылы. Бірақ біздің дәрігерлер осыны білсе де, білмесе де бастары дауға қалмас үшін бұндай жауапкершілікке бара бермейді. Дәл осы жағдай қайтыс болғаннан кейінгі донорлық мәселесін тежеп тұр деуге болады.