ЧЕК АРҚЫЛЫ ЖҮЛДЕ ҰТЫП АЛ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Бектас Нұридиновтың қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында «Чек талап ет-жүлде ұтып ал» акциясы өтетінін хабарлады. Акция барысында тұтынушылар әр түрлі жүлделерге қол жеткізе алады.
- Акция электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген еліміздің азаматтары қатыса алады. Фискалды чек берілмеген жағдайда, осы қосымша арқылы бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым да жібере алады, - деді Б.Нұридинов. – Жыл сайын өткізілетін республикалық акция аясында өткен жылы 300-ге жуық кассалық аппаратты анықтауымызға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, әр апта сайын 400-500-ге жуық қатысқа қызылордалықтар теледидар және тұрмыстық техникаларды ұтып алды.
Айта кету керек, финалдық ұтыс жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады.
Шынар БЕКБАН
Айта кету керек, финалдық ұтыс жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады.
Шынар БЕКБАН