ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда облысында журналистер арасында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға туралы үздік жарияланымға байқау басталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Байқау «Үздік телевизиялық сюжет», «Үздік баспа материалы» және «Үздік ғаламтор жарияланымы» аталымдары бойынша өткізіледі. Ұйымдастырушы-облыстық ішкі саясат басқармасы.
Байқау қорытындысы 2016 жылдың желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде жасалады және облыстық «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланады. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты іс-шарада табысталады.