ЕЛІМІЗДЕ ВЕТЕРИНАРЛАР ТАПШЫ
Елімізде 4 мыңға жуық ветеринар-маман жетіспейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, түйткілді шешу үшін кемінде 5 жылдай уақыт керек. Бұған Халықаралық эпизоотиялық бюроның Twinning жобасы да септігін тигізеді деген болжам бар. Қазір еліміздегі ветеринариялық факультеттер өздерінің оқу жоспарын шетелдің үздік университеттерінің бағдарламаларымен сәйкестендіру жұмыстарын аяқтады. Яғни, бұл жоба қазақстандық студенттерге әлемнің озық ветеринариялық мектептерінде білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, маман тапшылығынан өзге, жұмыс істеп жүрген мал дәрігерлерінің біліктілігін арттыруға да көңіл бөлінеді.
Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
- Өйткені олардың көбі университетті аяқтағалы бері ешқандай қайта даярлау курсынан өткен жоқ. Енді ветеринариялық мамандар әртүрлі семинарларға қатысып, біліктілігін арттырады. Олар озық технологияларды меңгеріп, жануарларды емдеудің жаңа әдістерін үйренуі тиіс.
Тілектес Есполов, ҚазҰАУ ректоры, академик:
- Ветеринария мамандығы стратегиялық бағыттағы мамандық болып есептеледі. Ветеринария мамандығына қойылып отырған талап ерекше.