ТЕҢІЗ ӨНІМДЕРІ ЕУРОПАҒА ЭКСПОРТТАЛАДЫ
Адамзаттың көз алдында құрдымға кете жаздаған Арал теңізі Тәуелсіздіктің 25 жылдығында кемеріне келді. Теңіз басына туған зар-заман сәтте Елбасының пәрменімен САРАТС жобасы жүзеге асырылған еді. Қазір ақ көбік атқан бұйра толқындар Арал қаласына 10 шақырымдай жетіп қалды. «Ғасыр жобасына» баланған ғаламат бастама аясында теңізден бөлек аймақтағы 158 көлдің арнасы толды, деп хабарлады «24 хабар» арнасы.
Жарты ғасырға жуық экологиялық апат шеңгеліне түскен орталық Азияның салқын сабатты айдынының құрғаған ұлтаны 4 млн гектардан астам аумақты құрады. Әмудария мен Сырдарияның сағасы құрғап-кеуіп, қайраңдарды барқан құм басты. Теңіз табанынан ұшқан тұзды шаң құрлық асып, Еуропаға жетті. Қызыл империя түндігі астында, ақпараттық қапаста тұншыққан Арал ақиқатын БҰҰ-ның биік мінберінен ел Президенті әлемге паш етіп, теңізді тірілткен бастама ғасыр басында өмірге келді.
17 шақырымдық 9 өткізгіші бар алып Көкарал бөгеті салынып, Сырдария суы тұрақтала бастады. Өмір нәрі, тіршілік көзі келген соң, теңіз маржаны молайды. Арал ауданының экономикалық-әлеуметтік ахуалы жақсарып, кезінде үдере көшкен ел-жұрт ата қонысқа оралды.
Құдабай Жиенбаев, Қаратерең ауылдық округінің әкімі:
- Қазір Қаратерең ауылдық округінде 1702 жан тұрады. 312 үй бар. Жылына 19-20-ға дейін жаңа үй салынып, жастар жекеленіп шығып, осы кәсіппен айналысып келеді. Тәуелсіздік алған жылдың басымен салыстырғанда бізде халық 2 есеге артты.
Ақылбек Мақашев, балықшы:
- 15 жыл болды балыққа шыққанымызға. Тіршілік осы. Еңбек істесең, қарның тояды деп тыным таппаймыз. 50 келі балық аламыз сазаннан, майда балығы бар 50 келі, бір жеті жатып, бала-шағамызға апарамыз.
Қазіргі таңда Арал айдынынан балықтың 22 түрі ауланады. Жылына 3 мың тонна теңіз өнімдері Еуропа елдеріне экспортталады. Бұл, әрине, ата кәсіппен айналысушылардың табысын молайтуға сеп болып жатыр.
Абзал Мұхимов, Арал ауданының әкімі:
- Балық шаруашылығы дамуының арқасында қазір маусымдық жұмыстың өзінде 3 жарым мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып отыр. 8 зауыт жұмыс жасап тұр. Қазір жылдық балық аулау лимиті 8 мың тоннаға жетіп отыр.
Қазақ даласында Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлі секілді келісті сулы алабтары ерекше ихтиофаунаға ие. Бүгінде Тұран ойпатының көгілдір алқасы саналатын Аралға күллі әлем назарын тігіп отырғаны рас. Осы ретте туризм индустриясының да алға жылжығаны байқалады.
Абзал Мұхимов, Арал ауданының әкімі:
- Ауданның жақсы бір мақтанышы Қамбаш көлі екенін білесіздер. Қамбашта біз былтырдан бастап жұмыс жасап, ретке келтіріп жатырмыз. Инфрақұрылымын, төңірегіндегі транспорттық жүйесін, су-электр жүйесін. Соның арқасында былтыр 70 мыңнан астам турист келген болса, биыл 100 мыңнан асып отыр.
Теңіздің табанынан су кетсе де, халқының кеудесінен жыр кетпеген ауданда «Арал күндері» мерекесін өткізу дәстүрге айналған. Шара шеңберінде дәстүрлі өнерді насихаттаушылардың байқауы ұйымдастырылып, шұбат және жеміс-жидек фестивалі өткізіледі. Тәуелсіздіктің торқалы кезеңіне толайым табыстармен жеткен теңіз төскейіндегі жұрт егемен елдің ертеңіне сенімді.