13 ҚАЗАНҒА АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
13 қазан күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, тек батыста жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, желдің екіпін 15-20 м/с-ты құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Мәселен, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағаңды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 16-21 м/с-ты құрайды.