КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР МЕКТЕБІ ҚҰРЫЛДЫ
Облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жанындағы «Көшбасшы әйелдер мектебінің» тұсаукесері болды. Онда комиссия төрағасының орынбасары, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова құрылымның жұмысы қоғамда әйелдердің беделін көтере отырып, олардың көшбасшылық қасиетін дамытуға бағытталғанын алға тартты.
Көшбасшы әйелдер мектебінің негізгі міндеттеріне тоқталған комиссия хатшысы Бибігүл Үмбетова өңіріміздің қоғамдық және саяси жұмыстарына әйелдерді көбірек тарту керектігін, сонымен қатар әйелдердің біліктілігін дамытуда да көптеген бағдарламалардың жүзеге асатынын айтты.