ИНТЕРАКТИВТІ КАРТА ПАЙДА БОЛДЫ
«Бүгінде қолданыстағы және жоспарланып отырған келісімшарт аумақтары бойынша ақпарат алуға болады. Келешекте аталмыш интерактивті карта жетілдіріліп, жер қойнауын пайдалану құқығын беру мен онлайн режимде бақылау жүргізу жоспарланған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда, ҚР ИДМ деректері бойынша, жер қойнауын пайдалану құқығын берудің жеңілдетілген жаңа тәсілдері пилоттық режимде енгізіліп отыр. Ақмола облысы Степногорск қаласының маңындағы толық зерттелмеген учаскелерде осы тәсілдер пайдаланылып жатыр. Ол бойынша бүгінгі таңда 17 келісімшартқа қол қойылған. Министрлік жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысындағы толық зерттелмеген учаскелерде жұмыстарды бастап, ары қарай бұл жұмысты республиканың барлық аумағында қамтуды көздейді.
Ведомство халықаралық CRIRSCO комитетінің құрамына кіру бойынша жұмыстар жүргізіп, әлемдік қауымдастыққа қоғамдық есептілік стандарттарына арналған геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша минералдық ресурстар мен қорлар жайында таныстыру жұмыстарын атқарды.
Сонымен қатар, барлық жүргізілген реформалардың шешуші кезеңі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі жобасын дамыту болмақ. Кодекс жер қойнауын пайдалану саласындағы әлемдік стандарттарға сай келетін үздік заңнамалық акт болуы тиіс.