БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Бұл туралы партияның ресми сайтында жазылған.
Мектепке дейінгі жастағы мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана Гүлнар Ізбасарова баласына көмек сұрап келді. Ананы қазіргі күні аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларға қандай жағдайлар жасалып жатқаны толғандырды.
Бұл сауалға қатысты Бақытжан Сайлыбаев облыс бойынша үйден оқитын 362 мүмкіндігі шектеулі балаларға бағдарламалық–техникалық жабдықтар алынып, пайдалануға берілгендігін атап өтті.
Білім басқармасы басшысының айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі 24 балаға қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында «Beeline» компаниясы мен облыстық білім басқармасының арасында екіжақты меморандум жасалынғанын айтты.
Ал, Гүлнар Ізбасарованың баласын «баланы оңалтудың жеке бағдарламаларына» сәйкес арнайы білім беру ұйымдарынан түзету жұмыстарын алуға көмектесетінін жеткізді.
Қабылдауға келген ұстаз Бақыт Сейітпенбетова өзінің жетекшілігіндегі оқушылардың келешегіне байланысты сұрақ қойды. Азаматшаны ағымдағы оқу жылында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізуге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар алаңдатады. Өйткені, ұстаздың айтуынша, бұл өзгерістер ҰБТ-ға дайындалып жүрген балғындардың жүйкесіне әсер етуі мүмкін.
Облыстың бас ұстазы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы негізінде енгізілген өзгерістерді жеке-жеке түсіндіріп берді. Және заңдағы өзгертулер оқушыларға әсіресе мектеп түлектеріне кедергі келтірмейтінін баса айтты.
Бақытжан Сайлыбаев өзге де сауалдармен келген азаматтардың өтініштерін жеке-жеке тыңдап, заң аясында кеңес берді.