ТҮРМЕ РЕФОРМАЛАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Сотталғандар мен тергеудегілерге мекемеге келген күннен бастап психодиагностикалық кешенді тексеруден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстарды жандандыру мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің психология кафедрасымен құрылған Меморандумның негізінде ғылыми қызметкерлермен бірігіп семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізуге жағдай жасалған. Нәтижесінде мекемелерде ұсталатын сотталғандармен ішкі тәртіп ережесін бұзушылықтың жалпы саны 22 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Ғани Отарбаев хабарлады. Брифинг барысында 2016 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебін төмендегіше баяндады.
- Қызылордада түзету мекемелеріне кәсіпкерлерді көптеп тартудың арқасында еңбекке ұмтылушылар саны күн санап артып отыр. Мәселен, облсы орталығындағы 3К-169/4 мекемесіндегі 50-ге жуық сотталушының көбі кірпіш зауытында тер төгіп, күніне он мың дана кесек құяды. Түзеу мекемелерінде барлығы 10 кәсіпкер мекеменің өндірістік аймағынан өз кәсіптерін ашып, онда 9 айда орташа есеппен 196 сотталған жұмысқа орналастырылды, - деді Ғ.Отарбаев.
Айта кету керек, бүгінгі күні колледждермен келісіп, 50 сотталған «газбен және электрмен пісіруші» және «ағаш ұстасы» мамандықтары бойынша білім алуда. Алдағы уақытта түрме реформалары бойынша «Сен қоғамқа керексің», «Колониялардағы жұмыспен қамту-2017», «Түрмедегілердің санын азайтудың 10 іс-шарасы» бағыттары негізінде жұмыстар жалғасатын болады.
Шынар БЕКБАН