12 ҚАЗАНҒА АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
12 қазан күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, тек батыста және оңтүстік-шығыс аудандарда жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан, Манғыстау, Қостанай, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.