ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігімен «Қоғамдық қабылдау» өткізіліп жатыр. Осы орайда қоғамдық қабылдау қазан айының 10 және 11 күндері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуда тұтынушылардың құқығын қорғау» жобасы аясында қала тұрғындарына жүргізілді.
Бүгінгі күнде азаматтар ХҚҚО арқылы, электрондық үкімет порталы ЭЦҚ кілті арқылы және бірыңғай байланыс орталығы «1414»-ке хабарласып шамамен 570 мемлекеттік қызметті пайдалана алады.
Осыған байланысты аудандардан келген азаматтар интернеттің тұрақты болмауына байланысты барлық мемлекеттік қызмет түрлерін қолдана алмайтындығын, сондай-ақ көптеген азаматтар мемлекеттік қызмет түрлері туралы білмейтінін және осындай түсіндіру іс-шараларын аудандарда өткізу жайлы ұсыныс білдірді.
Сонымен қатар, қоғамдық қабылдауға келген азаматтар өздерінің тұтынушылық құқықтарын қорғау бойынша кеңес алды. Оның ішінде, сатып алған тауарлар, бірақ кейінірек сапасыз тауар болып шықса немесе қызмет провайдері толығымен өз жұмысын істемеген жағдайда өз құқығын қалай қорғауды және заңгер көптеген мәселелер бойынша ауқымды кеңес берді.
Шара соңында «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Дидар Рысбаев талқыланған мәселелерді қорытындылап, қоғамдық қабылдауға келген қатысушыларға алғысын білдірді деп хабарлайды бірлестіктің баспасөз қызметі.