УНИВЕРСИТЕТТЕГІ МАҢЫЗДЫ БАСҚОСУ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекетік университетінде «Тұрақты ғылыми-технологиялық даму: трендтер мен технологиялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының «Қор-энергия үнемдегіш технологиялар: тәжірибе және келешегі» секциясының жұмысы өтті. Бұл маңызды басқосу ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының 25 жылдығына арналды.
Секцияны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов ашып, күн тәртібіндегі тақырып бойынша университет ғалымдарының жетістіктеріне тоқталды. Басқосуда т.ғ.д, «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының профессоры Сәкен Үдербаев, т.ғ.к, профессор, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхананың жетекші ғылыми қызметкері Роза Нарманова, т.ғ.д, профессор, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың орынбасары Ляззат Аруовалармен қатар өзге де ғалымдар өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.
Баяндамашылар мен қатысушылардың пікірлері негізінде өзекті мәселелер бойынша ғылыми конференцияларды тұрақты өткізіп тұру сынды ұсынымдар айтылды, делінген университеттің баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.