ФАРИЗА ТОП ЖАРДЫ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастырумен «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру мақсатында үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тіл – тұнық ойдың кәусар бұлағы» атты облыстық олимпиадасы өткізілді.
Оған Қазалы ауданының намысын қорғап №226 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Фариза Қаражан қатысты. Қызылорда қаласы мен облысқа қарасты барлық аудандардан полиглоттар қатысқан сайыстың бірінші кезеңінде қазақ, орыс және ағылшын телдерінде берілген тақырыптық мазмұнын толық ашып, екінші кезеңде берілген тақырып бойынша үш тілде эссе жазды және үшінші кезеңде мәтінге ілеспе аударма жасап, білім деңгейлерін көрсетті. Арнайы бекітілген қазылар алқасының шешімімен тілдерді меңгеру деңгейімен және сауаттылығымен ерекшеленген Фариза Қаражан бас жүлдені жеңіп алды. Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алған Фариза облыстың насымын қорғамақ.