САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мәжіліс залында «Қазақстан-2021 Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аумақтық жоспардың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша сарапшы тобының отырысы өткізілді. Жиында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін енгізу мәселесі талқыланды.
- 2017 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу – үлкен өзгеріс. Бұл тек денсаулық сақтау саласы үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де маңызды жаңалық әкеледі,- деді сарапшы топ жетекшісі Сәбит Пазылов.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша №3 қалалық емхананың бас дәрігері Мақсұтова Гүлстан Мақсұтова бұл жүйе тұтынушыларды да, емделушілерді де, медицина мамандары мен жұмыс берушілерді де толық қамтитынын жеткізді.
- Сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сондай-ақ, еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді, - дейді Гүлстан Мақсұтова.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Қалдыгүл Бәлібаева тұтынушылар арасында түсіндірме-насихат жұмыстарының төмендігін айтып, бұл бағытта арнайы орталықтандырылған семинарлар өткізу, сондай-ақ түрлі бейнероликтермен ақпарттық насихаттық материалдарды көбейту секілді ұсыныстарын ортаға салды.
Шара соңында отырысқа қатысушылар арасында сұрақ-жауап орын алып, өзара пікір алмасты. Және күн тәртібіндегі мәселе толық қаралып, тиісті қаулы қабылданды.