МҰРАҒАТТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР
2014 жылы Қызылорда облысының Ішкі істер департаментіне ұлттық қауіпсіздік органынан ақтауға жатпайтын адамдардың мұрағаттық қылмыстық істері, қуғын-сүргінге ұшыраған, сот органдары ақтаған тұлғаларға қатысты мұрағаттық қылмыстық істер және Германияда әскери тұтқында болған және өз еліне қайта оралған бұрынғы КСРО азаматтарына қатысты құжаттар өткізілді.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Ақпараттық-аналитикалық орталығының Арнайы мемлекеттік мұрағатында жалпы саны алты мыңнан астам қылмыстық істер сақталуда.
Саяси репрессия құрбандары туралы ақпаратты анағұрлым қолжетімді ету мақсатында Ішкі істер министрлігінің Веб-порталында (http://mvd.gov.kz) әлеуметтік маңызы бар «Мемориал» сервисі құрылды.
Аталған сервисте қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың туған жылы, тұрғылықты жері, тұтқындалған уақыты, сотталғандығы және ақталғандығы жөніндегі мәліметтер енгізілген.
Ақталған азаматтар, не болмаса олардың өкілдері, қайтыс болған жағдайда олардың туыстары қылмыстық істердің процестік емес сипаттағы құжаттармен танысуға, сондай-ақ істе сақталған қолжазбаларын, фотосуреттерін және өзге де жеке құжаттарын немесе олардың көшірмелерін алуға құқығы бар.
Ішкі істер органдарының арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік қызметтер көрсетуі шеңберінде мұрағаттық анықтамалар, құжаттардан үзінділер, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың құжаттарының көшірмелері өтініш берушіге немесе олардың сенімді адамдарына беріледі.
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің
Баспасөз қызметі