ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
Шиелі аудандық «ХҚКО» филиалында «ҚР мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы» тақырыбында семинар өткізілді. «Қызылорда Облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Дидар Рысбаев азаматтармен кездесті, сондай-ақ семинарға «ХҚКО» аудандық бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Асқар Мұратбекұлы қатысты. Семинар облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысымен өткізілді.
Бүгінгі күні ХҚКО-ғы 213 мемлекеттік қызмет корсетеді. Кейде азаматтар қызмет немесе ақпарат алу барысында қиындықтар туындайды. Осы мәселелерді шешу үшін «1414» байланыс орталығы жұмыс істейді.
«Электрондық үкімет» бірыңғай байланыс орталығы порталы 2010 жылдың 1 қаңтарында өз жұмысын бастады. Өзі құрылған сәттен бастап, орталық мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдарды мемлекеттік қызметтер алу үшін азаматтарға кеңес беру, қабылдауға бағытталған.
Сондай-ақ, бұл байланыс орталығы арқасында, мүгедектер үшін «Азаматтарға арналған Үкіметті» үйге қоңырау шалу арқылы шақыруға болатын біле бермейді.
Семинар қатысушыларға, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша арқылы көрсетілетін онлайн мемлекеттік кызметтер тізбесі таратылды. Сондай-ақ, Дидар Рысбаев өмірлік мәселелер бойынша азаматтарға кеңес берді. Негізінен, азаматтар жылжымайтын мүлік және мүгедектігі бойынша жәрдемақы туралы сұрады.
Аятхан ХАМЗИЕВ