ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ТӘЛІМГЕРЛІК
Облыстық ішкі саясат басқармасы мен білім басқармасының қолдауымен облыстық «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен Қызылорда қалалық оқушылар Сарайында «Тамыры терең тәлімгерлік» тәлімгерлердің ІІІ облыстық конференциясы өтті.
Жалпы конференцияға жүзге жуық тәлімгер делегаттар мен ардагер ұстаздар, Назарбаев зияткерлік мектебінің тәрбие мамандары қатысты.
Конференция барысында өңірлік атқарушы хатшылар тәлімгер мінберінде өз ойларымен бөлісті. Болашақта дәстүрлі шаралармен бірге заман талабына сай қажетті шараларды өткізуді жоспарлап, ұйымының 5 жылдығына орай үздік тәлімгерлер марапатталды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жарыққа шыққан «Жас Ұлан» жаңа әлемде», «Қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы балалар қозғалысының маңызы» , «Білім беру ұйымдарында «Жас ұлан» ББЖҰ қызметін ұйымдастыру» нұсқаулықтары тәлімгерлерге жол тартты, делінген ұйымның жетекшісі Гүлайым Ақмырзаеваның таратқан мәліметінде.