ЖАУЫН-ШАШЫН КҮТІЛЕДІ
11 қазан күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, тек батыста және оңтүстік аудандарда жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с екпінде болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.