ДӘРІГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін, 10 қазан күні, Достық үйінде Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін салушы, академик Камал Ормантаевтың 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.
Камал Сәруарұлы Ормантаевтың балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Ол 1953 жылы қызылордалық 13 талапкердің бірі болып Алматыға аттанады. Сол жылы жалғыз өзі студент атанады. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң елімізде балалар хирургиясының қалыптасуына алғашқылардың бірі болып кіріседі. Камал Сәруарұлы 35 жасында балалар хирургиясынан докторлық диссертация қорғады. Бұл – кеңестік кезеңдегі сирек кездесетін жайт. Сіңірген мол еңбегі үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілді және «балалар хирургиясының атасы» дәрежесіне көтерілді.
Мерейтой иесін аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев құттықтады.
- «Дәрігердің ауру балаларға деген жан жылуы болмаса, нағыз кәсіби маман бола алмайды»,- деген салиқалы сөзін Камал Сәруарұлы айтып қана қоймай, оны өзінің ісімен де дәлелдеді. 1996 жылы облыс орталығынан педиатрия факультетінің филиалын ашты. Осы салада жергілікті мамандарды тәрбиелеуге күш салды. Арал балаларына айрықша жағдай жасап, өзi басқарып отырған Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан «Экология және балалар» бөлімшесін ашып, ай сайын Қызылорда облысында 30 баланың тегін емделуіне жағдай жасады. 15 жыл ішінде осы бастаманың шарапатын мыңдаған сәби көрді,- дей келе, облыс әкімі мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ормантаевқа Қызылорда облысының Құрмет грамотасын беріп, автокөліктің кілтін табыстады.
Камал Ормантаевтың құрметіне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, 9-11 қазан күндері академик үшін «Атамекен» балалар үйі мен облыстық Ана мен бала орталығына бару, сондай-ақ облыстық медицина орталығында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыру және Қармақшы ауданында әріптестерімен кездесу жоспарланған.