КОНКУРС ӨТТІ
Қызылорда облыстық балалар орталығында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету аясында «Менің отбасым-менің Қазақстаным» атауымен конкурс өткізді, деп хабарлады Азаматтық Альянс бірлестігінің баспасөз қызметі.
Конкурс ұйымдастырушылары – Қызылорда облыстық Азаматтық Альянс бірлестігінің қолдауымен «Мейірім-Үміт» қоғамдық қоры. Шара облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша «Социум» жобасы барысында өтті.
Конкурсқа екі топ қатысты. Олардың әрқайсысы Қазақстан мен Қызылорда облысының белгілі ескерткіштері мен пейзаждың суретін салып, панноны бояуы тиіс. Оларға өңіріміздегі жас суретшілер кеңесінің жетекшісі болып танылатын ерікті Дәулет Тойшыбаев көмектесті. Ол алдын ала панно суретін салып, қатысушылар оны дұрыс бояуы керек болатын. Тек сурет салып қана қоймай, топтар ән айтып, би биледі. Конкурс нәтижесімен ұйымдастырушылар жеңімпаздарды іріктемей барлық қатысушыларға сый-сияпатын тапсырды.
Шынар БЕКБАН