ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТ
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен Шиелі аудандық емханасында «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семминарға қырыққа жуық адам қатысты.
«Қызылорда Облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Дидар Рысбев және аудандық «ХҚКО-ның» маманы Ермек Мұратов үйден немесе жұмыс орнынан шықпай ХҚКО арқылы, сондай-ақ, е-үкімет порталы электрондық үкімет арқылы қажетті кеңес алуға, дәрігерге көріну үшін қабылдауға жазылуға, науқастардың мүмкіндігі болатынын жеткізді.
Бұл қызметтер емханаға науқастарды қабылдауды жеңілдету үшін мемлекеттің барлық процестерді оңтайландыру және автоматтандыруға арналған. Кешенді композициялық қызметтер азаматтардың бір өтіш беруі арқылы жүзеге асырылады.Мысалы: бала дүниеге келгенде 3 қызмет қатар туу туралы куәлікті тіркеу, балаға жәрдемақы тағайындау және баланы бала-бақшаға кезекке қою біріктіріледі.
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың
құқығын қорғау қоғамы» ҚБ