ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Қызылордадағы түрлі БАҚ өкілдері «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен танысып, кеңінен талқылады.
Айта кетейік, Қазақстанның ақпарат және байланыс министрлігі Заң жобасына байланысты ведомство жетекшілік ететін салаға бірқатар өзгеріс енгізуге бағытталған, ауқымды кәсіби топтар мен жалпы қоғам мүддесін қозғайтын тұжырымдаманы жариялаған болатын. Ақпарат және коммуникация министрі Даурен Абаев көпшілікке оның ішінде журналистерге дайындалып жатқан құжатқа ұсыныстарын енгізуді сұрады.
Әзірлеушілердің айтуынша, заңнамаға ұсынылып отырған өзгерістер БАҚ саласындағы журналистердің құқықтық мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін болады.
Фариза ОМАРОВА
Әзірлеушілердің айтуынша, заңнамаға ұсынылып отырған өзгерістер БАҚ саласындағы журналистердің құқықтық мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін болады.
Фариза ОМАРОВА