ҰСТАЗДАРҒА ШИПАЖАЙҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ
Қызылорда қаласында мұғалімдер күні мерекесіне орай «Ұстаз – ұлы қызмет» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ең алдымен барша қызылордалықтарды мұсылмандар қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айтпен және білім қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады.
Шара барысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім саласы бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп, жетістікке жеткен ұстаздарды марапаттап, ноутбук және шипажайға жолдама берді.
Айта кету керек, аймақ басшысының «Үздік ұстаздарға» тағайындаған миллион теңгелік сыйақысын өткен жылы қала мектептерінің 16 мұғалімі жеңіп алса, күні кеше ғана 11 ұстаз миллионер атанды.
Салтанатты шараның соңы оқушылардың ұстаздарына арнаған мерекелік концертімен жалғасты.
Фариза ОМАРОВА