ЖАСТАР СЫНҒА ТҮСТІ
Кеше Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион жанындағы «UrbanPark» жастар паркінде «Open Fest» фестивалі өтті. Жастар спорттың «Street workout», «BMX», «SKATE», «Parkour» бағытында сынға түсті.
Байқауға қатысушылар өз бағыттары бойынша шеберліктерін дәлелдеп шықты. Нәтижесінде «BMX» жанры бойынша І орынды Гоша Ким, «Best trick» номинациясын Дәурен Бакенов жеңіп алды. «Skate» жанры бойынша І орынды Алимжан Сахи, «Best trick» номинациясын Мади Оразалы иемденді. «Street Workout» жанры бойынша І орынды Тетеров Виталий, «Best trick» номинациясын Шукур Фарух қанжығасына байлады. «Parkour» жанры бойынша І орынды Дарменов Өтеген, «Best trick» номинациясын Қорғанбек Нұрсұлтан жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, «Parkour» жанрының 16 жасқа дейінгі қатысушылардың байқауы бойынша І орынды Ступновский Роман, ІІ орынды Байқоңыр қаласынан келген Диас Нұржігітов, ІІІ орынды Исатай Сүлейменов қанағат тұтты. Шараның қорытынды марапаттау кешінде арнайы субмәдениет өкілдері «Break dance», «Rap» бағытымен шұғылданып жүрген жастар арасындағы үздік топтар да өз өнерлерін көрсетті. Қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді делінген «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының жетекшісі Сабыржан Кеңшіліктің жібірген хабарламасында.