ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖАРЫСҚА ҚАТЫСТЫ
Талсуат кентіндегі мүгедектерге арналған оңалту орталығында спартакиада өтті. Ұйымдастырушылар Қарттар мен зейнет жасындағы азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттыратын «Второй дыхание» қоғамдық қоры мен Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығы. Жарыс спорттың үш түрінен өткізілді. Үстел теннисі, дойбы және ұлттық асық ойындары бойынша барлық қарттар жарысқа қатысуға ниет білдірген.
Орталық директоры Мейрамбек Әбдікарімовтің айтуынша бұндай шаралар орталықтағы қарттардың көңіл күйін көтереді.
Олардың бұндай шараларға қатысқандарының өзі үлкен жеңіс. Сондықтан ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға сыйлықтар табыстады.
Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы
қауымдастығының баспасөз қызметі
Олардың бұндай шараларға қатысқандарының өзі үлкен жеңіс. Сондықтан ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға сыйлықтар табыстады.
Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы
қауымдастығының баспасөз қызметі