ЕҢ ТӨМЕН БАҒАСЫ 300 ТЕҢГЕ
Қазақстанда 2017 жылдың басынан темекінің ең төмен бағасы 300 теңге болып бекітіледі, бұл туралы "Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" үкімет қаулысында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Үкіметтің 2007 жылдың 4 сәуіріндегі "Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" № 260 қаулысына келесі өзгерістер енгізуді қаулы етеді: 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін - екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде, ал 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - үш жүз теңге (300) мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін", - делінген құжатты мәтінінде.
Айта кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең арзан темекі 200 теңге еді, ал сол жылдың күзінде 220 теңгеге көтеріліп, кейін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең арзанына 240 теңге мөлшері белгіленген еді.