КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Елдің тек оңтүстігінде ғана күн ашық.
Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» мекемесінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кейбір жерлерде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желді күші секундына 15-20 метр болады. Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 метр секундқа жетеді. Батыс Қазақстан облысына жел күшейеді. Атырау облысында күндіз және түнде кейбір аймақтарда тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.