ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін, 8 қазан күні, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен облыстық көпсалалы балалар ауруханасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылысы 2014 жылы басталған көпсалалы балалар ауруханасы биыл пайдалануға берілмек.
6,8 гектар аумақты алып жатқан ғимарат 4 негізгі блоктан тұрады және табиғи газбен, қажет жағдайда сұйық отынмен жұмыс істейтін станция орнатылады. Заманауи үлгідегі ауруханада 12 бөлімше жұмыс істейді. Оның ішінде хирургия, аллерголог, уролог, нейротравматолог бөлімдері бар. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң жедел-жәрдем мәселелері шешіледі.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев Қызылорда қаласында жаңа заман талабына сай салынып жатқан автобус паркінің құрылысымен танысты. Оның жалпы сыйымдылығы 200 автобусқа арналған. Автопаркте жанармай бекеті, көлік жуу алаңы қарастырылған.
Сондай-ақ облыс басшысы қалада Жаппасбай батыр көшесіндегі 580 пәтерлі 12 көпқабатты үйдің құрылысымен танысты. Бұл үйлер «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатыр және жыл аяғына дейін ел игілігіне табысталады.
Содан соң аймақ басшысы Қ.Көшербаев Талсуат ауылдық округіндегі 300 орындық психоневрологиялық интернатқа барды. Мұнда І және ІІ топтағы мүгедектерге арнайы әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Нысан 8 блоктан тұрады. Онда дәрігерлердің қабылдау, физиоемдеу және денешынықтыру, мәдени-спорттық мақсаттағы сондай-ақ, емдеу-сауықтыру өндірістік шеберханаларына арналған.