ӨЗ КӨЗДЕРІМЕН КӨРДІ
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы және Жастар ресурстық орталығы бірлесіп, құрылыс факультетінде білім алып жатқан студенттерді «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасының қолдауына ие болған аймақ кәсіпорындарының жұмысымен таныстырды.
Қызылордалық оқу орындарының 50-ден аса студенттері құрылыс материалдарын шығарумен айналысатын ЖШС «Адем-Жан» және ЖК «Ұзақов Б» кәсіпорындарында болып қайтты. Жастар кәсіпорындағы жұмыс барысын өз көздерімен бақылап, бизнес құрудың жолдарымен танысты.
Студенттер бірінші кезекте ЖШС «Адем-Жан» компаниясына барып, кәсіпорынның жұмыс барысын бақылады. Бұл кәсіпорын 2010 жылы ашылып, жүк тасымалдау саласында қызмет көрсеткен. Бір жылдан соң «Бизнестің Жол Картасы 2020» бағдарламасы аясында банктен несие рәсімдеп, темірбетон өнідірісін іске қосып, бүгінде 100 адамды жұмыспен қамтып отырған табысты мекемеге айналған. Кәсіпорын іргетасын қалаған Нұрболат Дүйсенов, болашақ құрылысшыларды жұмыс барысымен таныстырып, өндіріс технологиясына терең тоқтап, жастардың қызығушылығын арттырды. Ол өз сөзінде өндіріс, оның ішінде құрылыс материалдарын өндіру кезінде терең білім мен қажырлы еңбек етудің маңызы зор екендігін айта отырып, студенттерге мықты маман иесі болуды тіледі.
Келесі кезекте, жастар кірпіш зауытының жұмысымен танысты. Бұл зауыттың жұмысын жеке кәсіпкер Болат Ұзақов «БанкЦентрКредит» АҚ-нан «Даму» Қорының кепілдемесімен несие рәсімдеу арқылы іске қосқан. Алғашқы кезде тас төсеуіш шығаруды қолға алып, қазіргі таңда кірпіш өндірісін дамытып отыр. Бұл жерде де жас құрылысшылар қызықты уақыт өткізе білді,себебі өндіріс басшысы студенттерге кірпіш өндірісінің барлық сатысымен таныстырып, қондырғылардың атқаратын функцияларына да тоқталып кетті. Өз көздерімен практика жүзінде жұмыс барысын тамашалаған жастардың көзінде үлкен қызығушылық байқалды.
Экскурсиядан кейін оқу орындарының студенттері өздерінің жағымды әсер алғандарын айта келе, «Даму» Қоры мен Жастар Ресурстық ортылығы ұйымдастырған қызықты да, маңызды іс-шараға өз алғыстарын жаудырды.