ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-11-сынып оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауы болып өтті.
Қазақстанда мектеп жасындағы балалардың көз ауруы күшейгені байқалады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас зерттеушілері НЗМ, Қазақ-түрік лицейі және №264 мектеп–лицейі оқушыларының көз аурулары бойынша салыстырмалы оқу және анализ жасай отырып, 1428 жауап берушінің 558-і (39,1%) төмендегі көз аурулармен жиі ауыратынын анықтады. Миопиямен - 65,4% оқушы, аккомодация спазмасымен - 12% оқушы, ал қалғандары 22,6% басқа да көз ауларымен ауырады. Сонымен қатар, алынған сауалнама қорытындысы бойынша көздің көргіштік қабілетінің нашарлауына бірден бір себеп-компьютерді және ұялы телефондарды есепсіз қолдану. Тағы анықталған нәрсе оқушылардың көз ауруларының дамуына генетикалық фактор да әсер етеді.
Сауалнамаға жауап беруші 160 респонденттің ішінде 31,9%-ы олардың ата-аналары көзілдірік тағып, катаракта және глаукома (3,8%) сияқты белгілі бір көз аурулары бар екенін атап өтті. Сұхбат деректері білім алушылардың компьютер мен әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт бойы отыратындығын көрсетеді. Бұл көз анализаторының жұмыс істеуіне теріс әсер етіп, көру қабілетін нашарлатады және көз ауруларының алғышарттарын тудырады. Жоба авторлары Аида Болатқызы мен Алтынай Әбдіжәміл білім алушылардың көздерінің көру қабілеттерін жақсарту мақсатында әр түрлі көз жаттығуларын жасауды және пайдалы А дәруменіне бай көкөністерді тамақтану рационына енгізуді ұсынады. Мектепішілік кезеңде барлығы 20 ғылыми жоба жұмысы қаралды,
7-11 сыныптардан қатысқан оқушылар химия, физика, информатика, тарих, географии және тіл білімі ,әдебиет пәндері бойынша өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғады. Қорқыт Ата атындағы университетінің профессорлары мен оқытушылары қатысқан әділқазы алқасының мүшелері әр оқушының жұмысын жоғары деңгейде бағалап, өзектілігіне баса назар аударды.
Байқауға оқушылардың органикалық тыңайтқыштарды қолдану арқылы мұнаймен ластанған топырақты тазарту, физикадан формулалардың электронды жинағының жобасын ұсыну, қауыннан қанттың түрлі сорттарын алу сияқты әдістері мен көптеген түрлі жобалар ұсынылды. «Әр жұмыста оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекеті байқалады», - деді өз сөзінде Қызылорда қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының орынбасары әрі ұйымдастырушысы Қайырбек Буксукбаев.
Байқаудың басты мақсаты –дарынды және талантты жас ізденімпаз оқушыларды іріктеп, қолдау көрсету. Жүлделі орынға ие болған оқушылар өздерінің жобалары мен мектепті республикалық ғылыми жобалар байқауында таныстыратын болады.