ПЕДИАТРЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ
Жаңа жылдан бастап педиатрлардың жұмысы қайта жанданады. Яғни, емханаларда баланы өз дәрігері қабылдайды. Баллон конвенциясына сәйкес, қазір емдеу мекемелерінде ересек те, бала да бір дәрігердің кеңесіне жүгінеді. Алматыда өткен балалар дәрігерлерінің 8-ші съезінде осы тақырып кеңінен сөз болды.
Алматылық Меруерт Мұсаева 7 айлық сәбиінің денсаулығына байланысты айына екі рет балалар дәрігеріне қаратуы қажет. Жас ана барлық ем-домды ақылы емханадан қабылдауды жөн көрген.
Меруерт Мұсаева, қала тұрғыны:
- Поликлиникада мені де, баламды да бір дәрігер қарайды. Жалпы терапевт ретінде ол кісі өз ісінің маманы. Бірақ педиатр ретінде баламызды апаруға күманданамын. Сондықтан баламызды ақылы медициналық орталықтарға қаратамыз. Бір кеңес алу – 4 мың теңге.
Терапевт пен педиатрдың қызметін қатар атқарып жүрген мамандарды қазір жалпы тәжірибедегі дәрігерлер деп атайды. Олар бір кабинетте қарияны да, жас баланы да қабылдауға міндетті. Бірақ қалың жұрт бұған наразы.
Енді 2017 жылдан бастап емханаларда балалар мен ересектерге арналған арнайы уақыт кестесі енгізілуі мүмкін. Сәбилерді педиатрлар қабылдайтын болады. Бұл туралы съезде сала министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
Ануарбек Маймақов, ОҚО балалар ауруханасының бас дәрігері:
- Бұл жерде көтеріліп отырған мәселе егер педиатр мамандықтарын, резидентура көбейтсе, онда олар да сол педиатр жұмысын, сағатын көбейту керек. Олардың білімі бұрынғы педиатр мамандардан кем болмауы керек.
Қазір елімізде 6 мыңға жуық балалар дәрігері бар. Оқу орындарында педиатрларды арнайы факультетте оқытпайды, бірақ, оларды резидентурада дайындайды. «Бұл білім жүйесіне болашақта өзгерістер қайта енгізілуі қажет», - деді құрылтайға жиналған мамандар.