СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ АШЫҚТЫҒЫ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Бүгін облыс əкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Облыс соттарының 2016 жылдың 9 айында сот əділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстары және Ұлт жоспары 100 нақты қадамынан туындаған міндеттер» тақырыбында брифинг өтті.
Қызылорда облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет 100 нақты қадам «Ұлт жоспары» аясында атқарылған шаралар және сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарды баяндады.
Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында қараша айында Республика судьяларының кезектен тыс VII съезі өткізіледі. Аталған съезде судьялардың жаңа әдеп кодексі қабылданады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, облыстық соттың судьясы Гүлсім Таңатованың мәлімдеуінше осы жылы барлық сот процестері аудиобейнетіркеу жүйелерін қолдану арқылы жүргізілді. Электронды сот өндірісін жетілдіру бағытында «Сот кабинеті» сервисі бар. Ағымдағы жылы аталған қызмет арқылы құжаттар 2016 жылдың 9 айында 17887 талап арыз түскен болса, оның 15395 электронды түрде берілді. Сондай-ақ. 2014 жылы енгізілген «Төрелік» деп аталатын ақпараттық-талдамалық жүйесінің жұмысы осы жылдан бастап толық іске қосылады.
Мұнан кейін сөз алған облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Артур Наримов ҚР соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасымен таныстырды.
«Аталған тұжырымдама республика соттарының БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимылдарын жетілдірудің қағидаттарын, мақсат-міндеттері мен негізгі бағыттарын айқындайды. Яғни БАҚ өкілдері мен судьялар арасында ашық диалог құру болып табылады»- дейді А.Наримов.
Фариза ОМАРОВА