ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында түрлі бағыттағы 221 іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен ел Тәуелсіздігіндегі айтулы мерейтойды мерекелеуге арналған баспасөз конференциясы барысында жарияланды.
Баспасөз конференциясына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаменті директорының міндетін атқарушы Ғабидолла Оспанқұлов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Калашникова қатысты.
Ақтоты Райымқұлова хабарлағандай, ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес үстіміздегі жылы аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейде түрлі бағыттағы 221 іс-шара өткізу көзделген.
Бүгінгі таңда республика деңгейінде 100-ден аса іс-шара өтті. Сонымен қатар соңғы бес ай ішінде жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес республика аймақтарында 8 мыңнан астам шара өткізілді.
Тәуелсіздік мерейтойына орайластырылған айтулы оқиғалар туралы баяндай отырып, Ақтоты Райымқұлова еліміздің барлық республикалық музейлерінде ұйымдастырылған «Музейдегі түн» акциясы туралы баяндап берді. Музейдің әрқайсысында бұл жоба Халықаралық музейлер күніне арнайы өткенімен, өз ерекшеліктері болды. Мысалы, ҚР Ұлттық музей келушілеріне қызықты экскурсиялармен қатар отандық эстрада жұлдыздардың қатысуымен концерттік бағдарлама даярланса, ал Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде бұл шара нағыз өнер фестиваліне айналды. ҚР Орталық мемлекеттік музейі білім беру интерактивті бағдарламалардың таныстырылымын өткізіп, интерактивті сабақтардың бірегей топтамасын таныстырды.
Одан басқа, Ақтоты Рахметоллақызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тақырыбымен өткен өзге де ірі іс-шаралар туралы ақпарат берді. Нақты айтқанда, маусымдағы көрнекті оқиғалардың бірі елордада өткен «Астана-Дуатлон-2016» 2-ші қалалық турнирі болды. Додаға арасында кәсіби спортшылар мен спорт әуесқойлары болған 500-ге жуық адам қатысты.
«Астана. Отан. Жаңа қазақстандық патриотизм» ұранымен өткен шілде айында Астана күнін мерекелеу, «Астана – Отанымыздың жүрегі» республикалық акциясы, «Екі апта ауылда» және «Ата-ана жұмысындағы 10 күн» әлеуметтік тәжірибелері, «EXPO-2017-нің жас достары» жобасы, «Мәңгілік елдің Елордасы», «Астана елдігімнің ертеңі» көрмелері, халық ойындары фестивалі, теннистен Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы, т.б. өтті.
Тамыз «Жаһандық бастамалар. Бітімгер Қазақстан» тақырыбында өтті. Бұл айда Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған форум, «Қазақстан – бітімгер» көрмесі, Конституция күніне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына халықаралық турнир, «Астана ЭКСПО-2017» пошта маркасын шығару, «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалі және т.б. ұйымдастырылды. Сонымен қатар тамыз айы Елбасы, алыс және жақын шет мемлекеттерден келген құрметті қонақтар қатысқан бірегей оқу орны – Қазақ ұллтық хореография академиясының ашылуымен ерекшеленді.
«Қыркүйек – Еңбек. Отбасы. Құт-береке» ұранындағы қыркүйектің негізгі шаралары «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытындыларын шығару, «Астана Марафон-2016» өткізу болды. Астана марафоны 4,5 астам қатысушылардың басын қосып, қала тарихында ең ірі марафонға айналды.
ОКҚ-де Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі мерейтойлық жылдың жалпы оқиғалар легінің қорытындысын шығаратын желтоқсан айы Қазақстан Республикасы 25 жылдығын мерекелеудің шарықтау шегі болады деп хабарлады. Мерекелеудің ақтық шараларына Елбасының қатысуымен өтетін салтанатты жиын және мерекелік концерт, «Қазақ елі» көркем фильмінің тұсаукесері айналады.
«Үстіміздегі жылдың соңына дейін республикалық деңгейде 120-ға жуық және аймақтық деңгейде шамамен 5 000 іс-шара өткізу жоспарланып отыр», - деді ОКҚ-дағы пресс-конференциядағы баяндамасын аяқтай отырып Ақтоты Райымқұлова.