ЕСКІ КӨЛІКТЕРДІ ЖОЯТЫН ЗАУЫТ АШЫЛМАҚ
Елімізде ескі көліктерді жоятын зауыт іске қосылуы мүмкін. Кәсіпорын орналасатын аймақтар да белгілі.
Бұл жөніңде бүгін Орталық коммуникациялар брифингінде Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау мәлімдеді. Жоспар бойынша зауыт үш қалада, нақтырақ айтсақ Астана, Алматы және Шымкентте салынады. Ал көнерген көліктерді қабылдайтын арнайы орталықтар әр облыста болады. Аталған жоба еліміздің машина құрастыру саласын жаңа белеске шығарады деген үлкен үміт бар. Жалпы, ширек ғасырда саладағы өндіріс көлемі ақшаға шаққанда 17 есеге өсті. Ең жоғары көрсеткіш 2013-2014 жылдары байқалды. Бұл кезеңде отандық көліктердің өндірісі 950 млрд теңгені құрады. Ал экспортқа келсек, қазақстандық темір тұлпарлар Орта Азия, Араб Әмірліктері және Грузия елдерінде сұранысқа ие.
Мейрам Пішембаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқармасының төрағасы:
- 2015 жылы өздеріңізге белгілі себептермен өндіріс төмендеді. 2014 жылмен салыстырғанда 30%-дан жоғары өндіріс азайды. Былтыр күзден бастап өндіріс қалыптаса бастады, ал биылғы жылы біз сол төмендеген көрсеткішті жылдың аяғында 91%-ға жеткіземіз.