ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Облыс әкімінің төрағалығымен жылу беру жөніндегі штаб отырысы өтті. Онда аймақтағы жылу беру маусымына дайындық шаралары пысықталды.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласының 6,4 шақырымдық екі жолақты жылу желілерін қайта жаңғыртуға Ұлттық қордан 997,2 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, бөлінген қаржы жергілікті атқарушы орган тарапынан толық игерілді.
Әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер бойынша Қызылорда облысында 1177 әлеуметтік нысан, оның ішінде, 464 білім, 377 мәдениет, 336 денсаулық сақтау нысандарында және ондағы 552 кіші қазандықтардың барлығына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 647 көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың жылу қазандықтарына толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілген.