АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ ЖӘНЕ ІЛТИПАТ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті, салық, кеден органдарында әр жылдарда қызмет жасап зейнетке шыққан 40 ардагерді Қарттар күні мерекесімен құттықтады. Әрбір ардагердің үйіне бас сұққан қызметкерлер оларға ұжымның ілтипатын жеткізді.
Облыстың мемлекеттік кірістер органдары ардагерге бай ұжымдардың бірі. Себебі бұл құрылым әрқайсысы жиырма бес жылдық тарихы бар салық және кеден салаларын біріктірген. Қазіргі мемлекеттік кірістер органдары еліміздің бюджетін қалыптастырудың және экономикалық, қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мықты құралы.
Ардагерлер атынан Ешпанова Күлжамал, Жұмабеков Базарбек, Утегенова Күлзада, Ахметова Несіпкүл өз ұжымдарына табыс, абырой тілеп, ризашылықтарын білдірді.
Халықаралық Қарттар күні атап өту 1991 жылдан бастау алады, БҰҰ Бас Ассамблеясының 45 сессиясында құпталған.
Бахыт ОРДАНОВА,
департаменттің бас маманы