ӘРБІР БАЛА - ЖҰЛДЫЗ
Өңірімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығын шыңдау бағытында облыстық «Жүрек жылуы» өнер фестивалі өтті, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы. Биыл алтыншы рет ұйымдастырылған байқауға қолөнер, көркемсурет, ән, би, халықтық орындау жанрлары бойынша 200-ден астам балғын қатысты.
Биыл фестиваль алтыншы мәрте ұйымдастырылды. 11 жасар Аида Шауханбай Қармақшы ауданынан келіпті. Туғанынан сал ауруына шалдыққан ол бұл сайыста қолөнер, ән айту, көркемсөз оқу сынды бірнеше жанр бойынша сынға түсті
Жалпы, байқау қолөнер, көркемсурет, ән, би, көркем сөз оқу, халықтық орындау жанрлары бойынша өрбіді. Шарада бақ сынаған әрбір қатысушы - жеңімпаз. «Әрбір бала – жұлдыз» демекші, «Жүрек жылуы» фестивалі - осы балғындардың жарқырауына мүмкіндік берген бірегей жоба.