«БЕ-БҚ» ТОЛЫҚ АЯҚТАЛАДЫ
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» күре жолындағы жұмыстар биыл толық аяқталады. Үкімет отырысында есеп берген Инвестициялар және даму министрі осылай деді.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жолдың жалпы ұзындығы – 2787 шақырым. Әзірге соның 2028 шақырымы төселген. Жұрағат Баман, тілші -Шығыс пен батысты, оңтүстік пен солтүстікті жақындатып, мыңдаған шақырым жол салып жатырмыз. Ұлы Жібек жолын жандандырудамыз. Осылайша алыстағы елдермен алыс-берісті жеңілдетіп, экономикамызға қосымша кіріс әкелмекпіз. Бүгінгі Үкімет отырысында бұл мақсат қаншалықты іске асып жатқандығы сөз болды. Тындырылған шаруа аз емес. Мәселен, 2015 жылы автожолдар құрылысы мен реконструкциясына 178 миллиард теңге бөлінген. Нәтижесінде қаржы толық игеріліп, 456 шақырым жол салынды.
Ал ағымдағы жылы бұл мақсатқа бюджеттен 151,3 миллиард теңге қарастырылған. Жыл аяғында 920 километр тасжол қолданысқа беріледі деп күтілуде. Олар: «Астана – Теміртау», «Алматы – Қапшағай», «Көкшетау – Петропавл», «Бейнеу – Шетпе» автожолдары. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде орталық пен өзге аймақтарды байланыстыратын жобалар да іске асады. Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі -«Шұғыла» қағидаты бойынша Астананы аумақтармен байланыстыратын автожол желісін құру үшін 2015-2020 жылдары аралығында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 6,7 мың шақырым тасжолдар салынатын болады. 2015 жылғы қаражат толық игерілді. Қалған бағыттар бойынша жұмыс жоспарлары мерзімінде жүріп жатыр.
Ірі жобалардың бірі – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзит дәлізі. Ұзақтығы 2787 шақырым жолдың бүгінде 2028 километрі дайын. Нәтижесінде Тараз-Алматы учаскесі мен Шымкенттен Ресей шекарасында орналасқан Орынборға дейін жол ашылған. Жыл аяғына дейін Алматы-Қорғас тас жолының 304 шақырымы, Шымкент-Ташкент аралығының 100 километрі және Жамбыл облысы мен шымқаланы байланыстыратын 81 шақырым жол құрылысы аяқталады. Министр өзге бағыттар жөнінде де айтты. Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі -Петропавл-Ресей шекарасы учаскесі – 68 шақырым. Қайта жаңғырту жұмыстары келесі 2017 жылға жоспарлап отырмыз. «Жетібай-Жаңаөзен», «Үшарал-Достық», «Астана-Оңтүстік» батыс айналма жолы жобалары займ есебінен жүзеге асырылады. Бұл жобаларды бастау 2017 жылға жоспарланып отыр. 2020 жылға дейін транзит әлеуетін жылына 25-тен 88 млн тоннаға көтеру үшін Боржақты Ерсай және Алматы-Шу теміржол желісі салынып жатыр. «Самұрық Қазына» ұлттық қоры қолға алған жобалар ішінде Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері жүкте рін Кәрі құрлыққа жылдам жеткізетін «Құрық» порты да бар. Аталған екі жоба жыл аяғында тәмамдалады. Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы -Шу-Алматы арасындағы екінші теміржол – 19 миллиард теңге. Бұл өзінің кестесі бойынша салынып жатыр. Нәтижесінде биылдың өзінде 110 шақырым жаңа теміржол іске қосылады. Тасымалдау көлемі 6 миллион тоннаға көбейеді. Екіншісі мынау – құрық портындағы паром кешені. Биылғы желтоқсан айында кешеннің бірінші пусковой комплексі іске қосылатын болады. Теңіз, тас және теміржолдардан басқа әуе қатынастары да кеңейіп келеді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында осыдан екі жыл бұрын Астанада жаңа әуежай терминалының құрылысы басталған-ды. Ол да көп күттірмей қолданысқа беріледі. Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі -Жаңа терминал құрылысы мен ұшып-қону жолағы реконструкциясына 60 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржы толықтай келер жылдың наурыз айында игеріледі. Яғни құрылыс та сол мезгілде бітеді. Жалпы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015-19 жылда ры 17 жоба іске асыру көзделген. Оның 16-сы көлік саласына бағытталғанын ескерсек, елдің алдағы бес жылдық межеге ұстанған экономикалық бағытын түсіну қиын емес.