ЖАЛЫНДАП ӨТКЕН ЖАС ҒҰМЫР
Жалындап өткен жас ғұмыр. Бұл арамыздан ерте кетсе де, елеулі тұлға болып ел есінде қалған әріптесіміз Сахитжан Бермағанбетовке бағытталып айтылған. Алтын асықтай ұлын ел-жұрты ұмытпақ емес. Мұны №43 Ж.Махамбетов атындағы мектептің оқушылары ұйымдастырған танымдық кеште көз жеткіздік, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» ұлттық арнасы.
Шараға қатысқан Сахитжанның ата-анасы мен ұстаздары арда азамат жайлы есті естеліктерімен бөлісті. Ал, аға ізін жалғауды мақсат тұтқан жеткіншектер өздерінің арнау өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ еске алу шарасында оқушылар Сахитжанның өмірінен сыр шертетін көріністер қойып, ұлағатты шараның мәнін ашты.