6 ҚАЗАНДА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕ ЖАУЫН ЖАУЫП, БІРНЕШЕ ОБЛЫСТА ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
6 қазанда республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында
атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын
күтіледі, ал қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа-райы болады. Кей
жерлерде тұман, жел 15-20 м/с шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды
Қазгидромет.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік
Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жамбыл, Солтүстік
Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік Қазақстан,
күндіз Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с.шаңды дауылмен күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей
жерлерінде тұман болады. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе
облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.