6 ҚАЗАНДА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕ ЖАУЫН ЖАУЫП, БІРНЕШЕ ОБЛЫСТА ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
6 қазанда республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, ал қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа-райы болады. Кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с.шаңды дауылмен күшейеді. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.