ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында білім саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған бірқатар ардагер ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шараға қалаға қарасты мектептерден 11 ардегер ұстаз қатысты. Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ардагер-ұстаздарды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Ардагерлер ұстаздар атынан Барыс Қалназаров сөз алып, бүгінгі күні мемлекет тарапынан білім саласына бағытталған қолдауларды тілге тиек етіп, жетекші партияның өкілдеріне барлық ұстаздар қауымы атынан ризашылығын білдірді.
Мерекелік шара соңы естелік суретке түсумен аяқталды.
Айта кетейік, облыста жалпы орта білім беретін мектептерде барлығы 18 423 мұғалім қызмет етеді. Оның ішінде бірінші және жоғары санатты мұғалімдердің үлесі 45,5 пайызды құрайды.