ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ ТАРИФ АШТЫ
Beeline Қазақстан нарыққа жаңа ұсыныс – «Әлеуметтік» тарифтік жоспарын шығарды. Жаңа тарифтік жоспарға қазақстандық бүкіл зейнеткерлер қосыла алады.
«Шексіз тарифке қосылып, уақытты минуттап санамай, балаларыңмен және жақындарыңмен сөйлесе отырып, уақыт өткізген қандай тамаша, әрі тиімді. Әсіресе, бұл - сөйлесуді ерекше қажетсінетін егде адамдарға қатысты. Қазақстандық зейнеткерлер, өздері үшін жасаған біздің ұсынысымызды әділ бағалайды деп үміттенеміз», - деп Beeline Қазақстанның Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь өз ойымен бөлісті.
«Әлеуметтік» тарифтік жоспарының шарттары бойынша, зейнеткерлер 390 теңге абоненттік төлемге желі ішінде шексіз сөйлесіп, бүкіл Beeline нөмірлеріне 200 SMS жолдай алады. Төлем белгілі-бір күнге тіркелмеген және 30 күнде бір ұсталады. ҚР-дағы басқа нөмірлерге (соның ішінде қалалық нөмірлерге) қоңырау соғу құны минутына небары 7 теңге. Егер қолданушы қандай да бір себеппен абоненттік төлемді төлеуді ұмытып кетсе, Beeline нөмірлеріне қоңырау соғып, SMS жолдау құны да 7 теңгені құрайды. Тариф шеңберінде Ресейге жеңілдікпен – минутына 15 теңгеге қоңырау соғу мүмкіндігі бар. Егер абонент мобильді интернетті қолданғысы келсе, бар жоғы 89 теңгеге 0,5 ГБ өздігінен беріледі.
«Әлеуметтік» арнайы тарифтік жоспарын қосу үшін, Beeline Қазақстанның Сату және қызмет көрсету кеңселеріне келіп жеке куәлікті немесе зейнеткер куәлігін көрсету керек және өтініш жазу қажет. Жоғарыда айтылғандай, тарифке зейнет жасына жеткен барлық қазақстандықтар қосыла алады (әйелдер – 58 жас және одан жоғары, ерлер – 63 жас және одан жоғары).