ӨТІНІШТЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша тақырыптық қабылдау өтті.
Қабылдау барысында бос жұмыс орындарына қажетті мамандар толықтырылып, тұрғындарға жұмыспен қамту бағыттары бойынша түсіндірмелер берілді. Азаматтардың өтініштеріне облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтановпен бірге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық жұмыспен қамту орталығының басшылары жауап берді.